дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай
конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия
солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында
өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық
бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс
комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне
шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз
ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды
басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр
қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік
әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.
Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер
жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға,
кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын
қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам
әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр
қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша
немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған
жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті
органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере
алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып
табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның
ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу
және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың
депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс
комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен
белгілей алады.