Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 20 сәуірде өткен Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 20 сәуірде Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округінің әкімін тіркеді - Ибраймов Аскербек Мухтаралиевич, 1987 жылы туған, Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылының тұрғыны.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы