Хабар

2025 жылғы 20 сәуірде Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.

         Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Майлыкент ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 14519 азамат кірді, олардың 7463-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, "барлығына қарсы" -40.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ибраймов Аскербек Мухтаралиевич – 6328.

Оразбек Жансерік Ерубайұлы – 1078;

Майлыкент ауылдық округінің әкімі болып сайланды – Ибраймов Аскербек Мухтаралиевич, 1987 жылы туған, Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 апреля 2025