Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 12 наурыздағы № 95 қаулысы
Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық
округі әкімі сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Майлыкент ауылдық округіәкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округіәкімінің сайлауы 2025 жылғы 20-сәуірге тағайындалсын.
- 2025 жылғы 20-сәуірге тағайындалған Майлыкент ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Каратаев
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы С.Тлеубеков