2025 жылғы 2 наурызда Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Кемербастау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3042 азамат кірді, олардың 1819-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 24, "барлығына қарсы" -20.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Сексенбаев Е.Т. – 82;
Шарифбеков Ж.Т. – 1693.
Кемербастау ауылдық округінің әкімі болып Шарифбеков Жандос Туткабаевич сайланды, 1981 жылы туған, «G.B.PROEKT» ЖШС директоры болып қызмет атқарған, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы