Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 2 наурызда өткен Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 2 наурызда Шарифбеков Жандос Туткабаевичті Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді, Жандос Туткабаевич 1981 жылы туылған, «G.B.PROEKT» ЖШС директоры болып қызмет атқарған, Түркістан облысы, Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылының тұрғыны.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы