«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
E-G-3 |
В |
195549 |
224624 |
Функционалдық міндеттері: Түсіп жатқан қаржылардың тауарлы материалдық құндылықтардың негізгі құрал- жабдықтардың толық есебін жүргізеді және оларды қозғалуына байланысты операцияларды уақтылы есепке кіргізеді. Мемлекеттік бюджетке кіретін төлемдерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарнамаларын дұрыс есептеп, оларды уақтылы аударады, еңбекақы қорын дұрыс жұмсап, лауазымдық жалақыларын дұрыс белгілеуді, штаттық кестені тоқсан сайын жаңартып бекітеді. Штаттық қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң қолдануды, белгіленген мерзімдерде дебиторлық және кредиторлық қарыздарды қайтарады және төлейді, төлеу тәртібін ұстанады, есеп құжаттарының сақталуын белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді. Шығындар сметасының орындалуы бойынша, кәсіпорындармен, ұйымдармен есеп айырысудың жай-күй қызметін қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметі мәселелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу. Жалақы төлеуге, жалақы есептеуге арналған есеп айырысу карточкалары мен ведомостерін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, демалыс есептерін жүргізуді жүзеге асыру, зейнетақы қорларымен шарттар жасасу. Келіп түскен өтініштерге, арыз-шағымдарға, хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша және веб- портал бойынша жұмыстарды жүргізеді. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын ұйымдастыру; Біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарын атқарған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтауға, әкімшілік рәсімдерді сақтауға міндетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе әлемдік экономика)
Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi; Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi; Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады; Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды; Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс- шараларды әзiрлейдi және iске асырады; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды; Мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады; Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді; Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, ҚР Үкіметінің 09.11.2006 жылғы №1072 қаулысымен бекітілген Үлгі ереженің 8-3- тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініш хаттармен жүгінеді; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды, стратегияларды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасауды ұйымдастырады және басқа мемлекеттік қызметшілермен бірлесіп жүргізеді; Алқабиге кандидаттардың тізімін заңнамаға сәйкес әзірлейді және аудан әкімінің аппаратына жолдайды; «Ашық НҚА» порталына әзірлеуші мемлекеттік мекемелер ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялайды және келіп түскен сұрақтарға, ұсынымдарға, ескертпелерге жауап беруді ұйымдастырады; Әкімнің тапсырмасы бойынша арыз- шағымдарға, өтініштерге және басқа жолданымдарға ҚР Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексіне және басқа заңнамаға сәйкес жауаптар дайындауға қатысады; Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша айыппұл салу мақсатында жұмыс жасайды; Ауылдық округ әкімінің сайтын жаңартып, өзгерістерді енгізеді, сайтқа түскен сұрақтарға жауап береді; Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен жұмыс жүргізеді, ономастика бойынша тиісті құжаттарды дайындайды; Нотариаттық істерді жүргізеді; Қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктермен жұмыстар атқарады; Округ аумағында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарын жүргізеді; Бас маман Келтемашат ауылдық округ әкімі аппаратының Ережесінде көрсетілген және ауылдық округ әкімі жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнамасына сәйкес жұмыс жасау және ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Округке қарасты елді мекендердегі жұмыссыздармен жұмыс жасау, оларды анықтау, жергілікті жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркеу. Жұмыссыздарды мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарына жіберу, ақылы қоғамдық жұмысқа, жастар тағылымдамасына, әлеуметтік және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру; Елді мекендердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды анықтау, тиісті есептілікті жүргізу; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Округ тұрғындарының мәртебесін анықтау жұмыстарын жасау; Округ аумағындағы бос және жаңа жұмыс орындарын анықтау жұмыстарын ұйымдастыру; Көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күмiс алқа", "Ер ана", I-II дәрежедегi "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналардың есебін жүргізу, сонымен қатар, жаңадан Алтын және Күміс алқаға тапсыратын аналардық құжаттарын жинақтау және тиісті бөлімге тапсыру, оларды алқа иелеріне қайта табыстау жұмыстарын жүргізу; Аталған аналарды ҚР мемлекеттік мерекелерінде құттықтау жұмыстарын ұйымдастыру; Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, сонымен қатар, еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ жұмысқа жарамды мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жеңілдік пайдаланатын азаматтарға, барлық топтағы мүгедектерге, оралмандарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру; Бұл категорияға кіретін азаматтарға көмек көрсету үшін тұрмыс деңгейін, жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізу; Округ аумағындағы кәсіпкерлермен жұмыс жасау, олардың демеушілік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру; Округ аумағында қоғамдық мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; Гендерлік және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Халыққа қызмет көрсетуді стандарттарға сәйкес жұмыс жүргізу; Жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарларын түзу және орындалуы туралы мәліметтерін іс-жүргізушіге уақытылы жеткізу; Тиісті бөлімдерге апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерін тапсыру;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы Қағиданың 76-тармағы 3) тармақшасына сәйкес білімі туралы құжаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________________ |
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
|
|
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||||
|
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) |
||||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей |
|
||||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
||||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады