1. Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне 2027 жылдың 22 қазанына дейін) (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға   жалпы конкурс  туралы хабарландыру

 

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

            жұмыс өтілі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

В

195549

224624

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта personal_tulkibas@mail.ru  барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб

  1. Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне 2027 жылдың 22 қазанына дейін) (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Түсіп жатқан қаржылардың тауарлы материалдық құндылықтардың, негізгі құрал- жабдықтардың толық есебін жүргізеді және олардың қозғалуына байланысты операцияларды уақтылы есепке кіргізеді. Мемлекеттік бюджетке кіретін төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарналарын дұрыс есептеп, оларды уақтылы аударады. Ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерін, жобаларын өз саласы бойынша дайындау. Әкімдік мәжілісіне өз салалары бойынша құжаттар дайындап, хаттамалар жүргізеді, іс-шара жоспарлар құрып, орындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекақы қорын дұрыс жұмсап, лауазымдық жалақыларын дұрыс белгілейді, штаттық кестені тоқсан сайын жаңартып бекітеді. Толық материалдық жауапкершілікте болады. Есеп құжаттарының сақталуын белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша және веб- портал бойынша жұмыстарды жүргізеді. Округтің қызметтік мәселелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді. Жалақы төлеуге және есептеуге арналған есеп айырысу карточкалары мен ведомостерін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, демалыс есептерін жүргізуді жүзеге асырады. Басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді. Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі. Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді. Берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарын бекітеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма- қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді. Бас маман: бас кітапты жүргізу, штат кестесін жүргізу, еңбек ақыны есептеу, құжаттарды даярлау, табыс салығын есептеу, бухгалтерлік есептерді жүргізу, қаржылардың игерілуіне есеп жүргізу, әкімге мәлімет беру, төлем тапсырмаларын тіркеу, кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу, келісім-шарттарды даярлау, тіркеу, іс-сапар куәлігін рәсімдеу және оның есебін жүргізу, еңбек демалысының кестесін жасау, партия, кәсіподақ мүшелік жарналарды тиісті органдарға уақтылы аудару, әртүрлі құттықтау рәсімдерін ұйымдастыру, автокөлікке жанар-жағар май талонын уақтылы жеткізіп тұру, еден жуушыға керекті құрал саймандарды жеткізіп тұру жұмыстарын орындайды. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ақпараттандыру обьектілерін құру мәселелеріне жауапты. Бірыңғай талаптардың 40-тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Азаматтардың өтінішін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес тиісті сала бойынша жауап беру «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы                         №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасауға міндетті.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік аудит).

 

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы Қағиданың 76-тармағы 3) тармақшасына сәйкес білімі туралы құжаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы                      8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

      Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                          (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефондары: __________________________________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________      ___________________________

       (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

                                     ФОТО

                              (түрлі түсті/ цветное,

                                              3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

           

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Дата публикации
21 февраля 2025