Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 88 қаулысы

Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық

округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кемербастау ауылдық округіәкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округіәкімінің сайлауы 2025 жылғы 2-наурызға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 2-наурызға тағайындалған Кемербастау ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             Е.Каратаев

 

          

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                         С.Тлеубеков

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 января 2025