1. Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және құжаттарды әзірлеу секторының бас маманы (В блок) (E-R-4 санаты, 1 бірлік):2.Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік): 3.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне 2025 жылдың 24 қаңтарына дейін )(В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік): 4.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік): 5.Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік): 6.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға   жалпы конкурс  туралы хабарландыру

 

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

В

195549

224624

E-G-3

А

226837

260564

E-G-3

В

195549

224624

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб

 

  1. Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және құжаттарды әзірлеу секторының бас маманы (В блок) (E-R-4 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: 3.1.Бөлімнің бұйрықтарының, келісім-шарттардың (құқықтық актілердің, актілердің) заңдылығын қарайды, заңдылығына жауапты болады. Бөлім жұмыстарына тиісті сот процестеріне қатысады, құжаттарын жүргізеді. мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы тұрғын үйлердің төлемақыларын өндіру жұмыстарын ұйымдастырады; Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі және құқықтық оқудың іс-шараларын ұйымдастырып, құжаттарды жүргізеді. «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы, заң шеңберінде орындауға жауапты. Бөлім басшысы мен орынбасарының, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындайды. Жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін заң талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындайды. Біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 144-бабтың 1-бөлігі (жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану), 172-баптың 1,3,4 бөліктері, 301, 303, 304, 305-бабтар, 306 бабтың 1,2-бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады және заңдылығын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе құқықтану және/немесе халықаралық құқық

2.Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  (А блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):    

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аумағында ветеринария заңдылығын жүзеге асыру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан

Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің нормативтік актілерінің және тапсырмаларының осы сала бойынша бөлімде орындалуын бақылау; Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Шаруашылық есеп кітабын толтыру, мал басын түгендеу жұмысын жүргізіп электронды базаға енгізу, елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау. Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау ; жануарлар аурулардан қоғау және оларды емдеу ; ветеринариялық –санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттер ден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; Округ аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды; Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру және орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді; Елді мекен аумақтарын  санитариялық тазалауды ұйымдастыру; Округ жануарларының жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау. Халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру; Тұрақты немесе уақытша округ териториясына тұруға келген әскери міндеттілер мен шақырушыларды есепке алу, басқа жақта тұрақты немесе уақытша кетіп бара жатқан әскери міндеттілер мен шақырушыларды есептен шығару;  Ауыл округ аумағындағы барлық кәсіпорындардың есебін жүргізу, жылына бір рет әскери міндеттілер мен шақырылушылардың жеке карточкаларын сәйкестендіру; Жастар ісі жұмыстарын атқарады;  Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау.

3.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  (бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне 2025 жылдың 24 қаңтарына дейін )(В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімі аппаратының бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы қызметтік нұсқаулықты орындайды. Қаржылардың тауарлы материалдық құндылықтардың негізгі құрал-жабдықтардың толық есебін жүргізеді және уақтылы есепке кіргізеді; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарналарын дұрыс есептеп, оларды уақтылы аудару; Еңбекақы қорын дұрыс есептеп, жұмсау; Өзіне бағытталған құжаттармен жұмыс істеу; Штаттық кестені тоқсан сайын жаңартып, бекітуге дайындайды; Қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң қолдануды, белгіленген мерзімде дебиторлық, кредиторлық қарыздарды қайтарады және төлейді; Есеп құжаттарының сақталуын және белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді; Кәсіпорындармен, Ұйымдар мен мекемелермен есеп-айырысудың жай-күйін қамтамасыз етіп, тиісті келісім-шарттарға тұрады Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді; Жалақы төлеу, зейнетақы қорларымен шарттар жасасу жұмыстарын жүргізеді; Біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын бұлжытпай орындауға міндетті. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау; «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу,есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау; Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Мемлекеттік сатып алу бойынша және вебпортал бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларына сәйкес жұмыс атқаруға және әкімшілік рәсімдерді сақтауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика) мамандықтары бойынша.

4.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарына сәйкес округ аумағы бойынша ауыл шаруашылық саласының жұмысын  өз деңгейінде ұйымдастырады, айсайын аудандық статистика және ауылшаруашылық бөлімдеріне есеп беру, олардан түскен құжаттарға жауаптар әзірлейді. Ауылдық округ әкімінің жерге қатысты шешімдерінің жобаларын дайындау. Шаруа қожалықтарының есеп кітабын, үй шаруашылықтарының есеп кітабын жүргізу және электронды бағдарламаға енгізу. Ауылдық округ аумағындағы құрылыс, заңсыз құрылыстарды анықтау жөніндегі жұмыстарды атқарады. Келіп түскен хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақтылы, заң шеңберінде жауап беру. Ауылдық округті көгалдандыру, көріктендіру, экономикалық даму, әлеуметтік мәселелер шағын және орта бизнесті дамыту, тазалық сақтау және коммуналдық қызмет мәселелеріне байланысты жұмыстарды атқарады. Осы салалары бойынша тиісті мекемелерге есептіліктерді тапсырады. Елді мекендерді көріктендіру, көркейту, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру. ЖСҚ дайындалуын, мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Шақпақ ауылдық округі әкімі аппараты КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын тиісті заңнамаға сәйкес жүргізу. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірдей төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» және «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын жүргізу. ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға өз құзіреті шегінде әкімшілік хаттамасын толтыруға және айыппұл салу құжаттарын жүргізуге міндетті.

5.Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аумағында салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің мерзімінде өндірілуін қамтамасыз етеді. Салық төлеушілер арасында салық заңының ережелерін түсіндіру және енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дер кезінде хабардар етеді. Коммерциялық құрылымдардың салық органдарына мерзімінде тіркелуін қадағалайды және төленген табыстардың, бюджетке аударылған салықтар сомасының есебін жүргізеді. Комерциялық құрылым нысандарын есепке алады және тиісті жұмыстарды атқарады. Округтің кәсіркерлерімен жұмыс жасау, жұмысын ұйымдастыру. «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жарнама» Заңдарына сәйкес, ҚР Үкіметінің №1055 қаулысы негізінде «Сыртқы (көрнекі)

жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының

бөлінген белдеулеріндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде ауылдық округі

аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктерде және ауданда тіркелген көлік

құралдарында орналастырғаны үшін сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп төлемақы алу» қағидаларымен жұмыс жасау;  Бекітілген аумақтағы жер, мүлік және көлік

салықтарын жинау, сондай-ақ бюджетке міндетті төлемдердің мерзімінде өндірілуін қамтамасыз ету.  Салық саласындағы тапсырмаларды орындау. Округ бойынша салық төлеушілерді және олардың мүліктері мен жер учаскелерін есепке алу кітабына енгізу. Жеке тұлғаларға және ұйымдық-құқықтық нысандарға қарамастан, әр түрлі экономикалық

қызмет түрлерінің йымдарына салық заңнамасын қолдану жөнінде консультативтік қызмет көрсетеді. Салық салуға қатысты заңдарға және нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мониторингін жүзеге асырады, салықтар мен алымдарды жұрыс есептеу және толық төлеуге ықпал етеді.  Ауылдық округке тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту, тиісті жұмыстарды атқару, ұйымдастыру. Инвестициялық жоспардың орындалуын қамтамасыз ету. Келіп түскен хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақтылы, заң шеңберінде жауап беру. Біріңғай талаптардың 40 тармағына кодексі ережелерін қатаң сақтауға міндетті;

6.Түлкібас ауданы әкімдігінің Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):    

Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi;  Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi; Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады; Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды; Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды

ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды; Мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады; Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-

бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді; Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, ҚР Үкіметінің 09.11.2006 жылғы №1072 қаулысымен бекітілген Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура

органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз

етеді; Алқабиге кандидаттардың тізімін заңнамаға сәйкес әзірлейді және аудан әкімінің аппаратына жолдайды; «Ашық НҚА» порталына әзірлеуші мемлекеттік мекемелер ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялайды және келіп түскен сұрақтарға, ұсынымдарға ескертпелерге жауап беруді ұйымдастырады;  Округ бойынша жастармен жұмыс жүргізу. Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп жұмыс атқару. Округ әкімі аппаратының әлеуметтік желісінде тұрақты жұмыс жасау, желіге түскен жарияланымдарды қадағалау және мерзімінде жауап беруге міндетті және жауапты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстарды атқарады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерді түсіндіреді. Жалпыға бірдей құқықтық оқу жұмыстарын жүргізеді. Округ әкімі аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, келіп түскен өтініштерге, арыз-шағымдарға, хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Жаңа және өзгеріс енгізілген Қазақстан Республикасының Заңдарымен округ әкімі аппаратының қызметкерлерін, округ әкімін таныстырады.  Округ бойынша нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізіп, әр айдың 3-нен кешіктірмей тиісті бөлімдер мен мекемелерге есеп береді. Әр тоқсан сайын келесі айдың 5-нен кешіктірмей облыстық Әділет басқармасына шешімдер мен өкімдердің есептілігін тапсырады. Заң мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарының тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Округ аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын жинақтайды және тиісті жұмыстарды атқарады.  Мемлекеттік сатып алу заңының орындалу заңдылығын қадағалайды; Ауылдық округ аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, ономастика бойынша тиісті құжаттарды дайындайды. Ауылдық округ әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,

ақпараттандыру обьектілерін құру, сүйемелдеу, дамыту жұмыстарын жүргізу; Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру.  ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға өз құзіреті шегінде әкімшілік хаттамасын толтыруға және айыппұл салу құжаттарын жүргізуге, заңды және жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың құжаттарын бағдарламаға енгізуге міндетті. Біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық

(халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық) мамандықтары бойынша.

 

 

 Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) Өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

      3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

      Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

       Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

      Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

                   Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

      Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

      Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

       комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

       Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

      Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

      Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

       Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

      Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                          (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефондары: __________________________________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________      ___________________________

       (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

                                     ФОТО

                              (түрлі түсті/ цветное,

                                              3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

           

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
29 ноября 2024