Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

13.11.2024 жылғы №311 қаулысы

 

      Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

         Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Келтемашат ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскелерінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін, халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, осы қаулы жарияланған күннен бастап төрт ай өткен соң 2025 жылдың 9 ақпанға дейін иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары басталсын (қосымша).
  2. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелерінің және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны Түлкібас ауданы, Кершетас ауылы, Қ.Сәтпаев көшесі №16 үй, «Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. Осы қаулының орындалуы Келтемашат ауылдық округінің әкімі М.Бердалиевқа жүктелсін.

 

              Аудан әкімі                                                                     Н.Изтилеуов

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің

2024 жылғы «13»  қарашадағы

№311 қаулысына қосымша

 

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер пайдаланушылардың

Келтемашат ауылдық округі бойынша тізімі.

        

р/с

А.Ж.Т

Кадастырлық №

Жер

көлемі, га

Иелену құқығы

Орналасқан           жері

1

«Бес жал» ӨК

Төрағасы

Інкәр Елдос Спабекұлы

 

№19-300-089-644

2,85

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Келтемашат ауылдық округі

2

«Бес жал» ӨК

Төрағасы

Інкәр Елдос Спабекұлы

 

№19-300-089-133

3,0

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Келтемашат ауылдық округі

 

Дата публикации
14 ноября 2024