Түлкібас ауданы Шұқырбұлақ елді-мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

 

Түлкібас ауданы Шұқырбұлақ елді-мекенінің шекарасын өзгерту

және белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шұқырбұлақ ауылының басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, Түлкібас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысы негізінде Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Рысқұлов ауылдық округінің Шұқырбұлақ елді мекені шекарасына Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 32,01 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұқырбұлақ елді-мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы алаңы 278,73 гектар шекарасында белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын  бақылау  аудан  әкімінің  жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                         Н. Изтилеуов

 

 

Аудандық маслихаттың төрағасы                                Х. Байысбаев

 

 

 

 

Дата публикации
04 ноября 2024