«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
E-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
E-R-4 |
А |
226837 |
260564 |
Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы (А блок) (E-R-4 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің стратегиялық жоспарын әзірлеуге қажетті құжаттарды ұсынады, бюджетті жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; Бюджетке қатысты бұйрықтардың жобасын дайындайды; Ауданда ақпараттық насихаттық топтардың жұмысын жүргізеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру, БАҚ беттерінде мақалалар жариялау бойынша іс-шаралар жоспарын дайындайды. Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысын жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, кәсіподақтармен, БАҚ, діни ұйымдармен және қоғамдық өкілдермен бірлескен жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы жылдық есебін тапсырмағандарына хаттама толтырып, сотқа жіберу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуға жұмыстар жүргізеді Ауданда орналасқан көрнекі-үгіт құралдарының көрнекілігіне бақылау жасайды. Мерзімді баспасөзге жазылуды ұйымдастырады. Ауданға келетін басылымдардың уақтылы келуін қадағалайды. Түлкібас ауданында “Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының іс-құжаттарын жүргізеді. Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіреді. Бөлімнің жұмысы туралы жарияланған мақалаларды жинақтайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» жобасының ақпарат толқыны бойынша жұмыс жүргізу. Ауданда жүргізіліп жатқан әлеуметтікэкономикалық реформалардың жүргізілуі туралы аудандағы атқарушы органдардың, ауылдық округ, кент әкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру бойынша медиа-жоспарлар дайындайды. Аудандық, облыстық БАҚ және телеарналардың жұмысын үйлестіреді. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы, заң шеңберінде орындауға жауапты. Ақбиік, Шақпақ, Жабағылы, Рысқұлов, Жаскешу ауылдық округтерінің ішкі саясат бөліміне тиісті жұмыстары, құжаттары бойынша жетекшілік жасайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 452-баптың 1,2,5,7,8-бөліктері, 9-бөліктін 1), 2), 3) тармақшалары және 10-бөлігі; 454-баптың 1- бөлігі баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің орынбасарына жолдауды жүзеге асырады. Жалақы төлеуге, жалақы есептеуге арналған есеп айырысу карточкалары мен ведомостерін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, демалыс есептерін жүргізуді жүзеге асыру, зейнетақы қорларымен шарттар жасасу. Мемлекеттік сатып алу бойынша және веб-портал бойынша жұмыстарды жүргізеді. Келіп түскен қаржыға қатысты өтініштерге, арыздарға, хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе құқықтану және/немесе құқық және/немесе мемлекеттік басқару және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе өңірлік даму және/немесе экономика); педагогикалық ғылымдар (тарих және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе тарих және дінтану); өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия және/немесе филология және/немесе дінтану және/немесе шығыстану және/немесе шетелдік филологиясы және/немесе теология және/немесе түркітану және/немесе исламтану және/немесе тарих және/немесе тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе саясаттану және/немесе психология және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе халықаралық журналистика және/немесе конфликтология және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе әлеуметтік ғылымдар және/немесе журналистика және ақпарат) мамандықтары бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________________ |
Өтініш
Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
|
|
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||||
|
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) |
||||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей |
|
||||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
||||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады