2025 жылға Түлкібас ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

   

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) 696-3-бабының                        5-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылғы Түлкібас ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

Түлкібас аудандық

маслихатының хатшысы                                        Х.Байысбаев

 

Дата публикации
17 октября 2024