Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 16 қазандағы № 65 қаулысы

 

 

 

Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылдық

округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рысқұлов ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 24-қарашаға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 24-қарашаға тағайындалған Рысқұлов ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             Е.Каратаев

 

          

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                         С.Тлеубеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 октября 2024