Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы хабар

         2024 жылғы 11 тамызда Түлкібас ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.

         Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының           2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Шақпақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2227 азамат кірді, олардың 1612-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 44, "барлығына қарсы" -56.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Барлыбаев С.Б. – 1433; Досов Б.Б. – 79.

         Шақпақ ауылдық округінің әкімі болып Барлыбаев Серик Балабекович сайланды, 1984 жылы туған, Ақбиик ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шақпақ ауылдық округіне қарасты Шақпақ-Баба ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.

 

Дата публикации
12 августа 2024