Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округ әкімінің кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7-тамыздағы №50 қаулысымен бекітілген

 

Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округ әкімінің кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шараның күнтізбелік жоспары

1. Мичурин ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2024 жылы 7-тамыз (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылы 17- тамызға дейін(22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылы 17- тамызға дейін(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылы 22-тамызға дейін(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылы 22-тамызға дейін (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылы 8-тамыздан бастап 20-тамыз күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-3-б.1-т,5-т)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде(113-4-б. 8-т.)

11. Түлкібас ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Құжат тапсырып тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т)  

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

 

Кандидаттарды тіркегенге дейін

Құжат тапсырған күні (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылы 21-тамыздан басталады және 2024 жылы 25-тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады (113-5-б.10–т, 14-т)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылы 25-тамыз кешкі сағ.18:00-ден кейін басталады және 2024 жылы 14-қыркүйек күні жергілікті уақытпен 00.00. сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімдігі және тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

2024 жыл 26-тамызға дейін газетке (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылы 26-тамызға дейін (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылы 31-тамызға дейін (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылы 6-қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Жергілікті уақыт бойынша

2024 жылы 15-қыркүйек сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы  хаттамалар жасау                                  

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша

2024 жылы 15-қыркүйек сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу(113-8-б. 1-т.)

28. Әкімдер сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей

2024 жылы 18-қыркүйектен кешіктірілмей (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірілмей

2024 жылы 22-қыркүйектен кешіктірілмей (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылы 22-қыркүйектен кешіктірілмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           Е.Каратаев

 

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024