Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1 бабының 2-бөлігіне сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округінде орналасқан жалпы алаңы 243,92 га. жер учаскелеріне «КЕН ӨЗЕН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 20 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Изтилеуов