Түлкібас ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 3 шілдедегі № 47 шешімі

 

 

Түлкібас ауданы Шақпақ ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Түлкібас ауданының Шақпақ ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Шақпақ ауылдық округі әкімдігінің шекарасында Шақпақ сайлау округі құрылсын.
  2. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде Шақпақ сайлау округі шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, тізімі жариялансын.

 

 

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасының орынбасары                                                    Е.Есенбаев

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                      С.Тлеубеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июля 2024