Хабар

         2024 жылғы 16 маусымда Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының           2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Жаскешу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3616 азамат кірді, олардың 1845-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 30, "барлығына қарсы" -17.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдалиев С.А. – 122; Байысбаев А. А. – 1572; Джолдасов А. А. – 104.

         Жаскешу ауылдық округінің әкімі болып Байысбаев Асқар Әлібекұлы сайланды, 1977 жылы туған, "Көрікті Сайрам" МКК бас инженері Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.

 

Дата публикации
18 июня 2024