Түлкібас аудандық маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №56/1-06 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Түлкібас аудандық маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №56/1-06 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №  5717 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.

Көрсетілген шешімнің  2 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                                                                           Аудандық мәслихаттың

                                                                           «___» ______2024 жылғы №____

                                                                            шешіміне қосымша

 

Пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

Пикеттерді өткізуге тыйым салынады:

  • жаппай жерлеу орындарында;
  • теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі обьектілерінде және 1000 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;
  • мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына іргелес аумақтарда;
  • қауіпті өндірістік обьектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де обьектілерге 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
  • магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілеріне және оларға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

 

 

 

 

Дата публикации
25 апреля 2024