Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түлкібас ауданы Арыс, Ақбиік, Балықты, Жабағылы ауылдық округтерінде және Түлкібас, Састөбе кенттерінде орналасқан алаңы 7,0578 га. жер учаскелеріне «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2031 жылдың 12 қазанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Изтилеуов