«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
E-G-3 |
В |
195549 |
224624 |
1.Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе кенті әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Кент әкімінің бюджетке қатысты шешімдерінің, өкімдерінің жобасын дайындайды; Мемлекеттік сатып алу және веб-портал бойынша жұмыстарды жүргізеді. Түсіп жатқан қаржылардың тауарлы материалдық құндылықтардың негізгі құрал-жабдықтардың толық есебін жүргізеді және оларды қозғалуына байланысты операцияларды уақтылы есепке кіргізеді. Мемлекеттік бюджетке кіретін төлемдерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарнамаларын дұрыс есептеп, оларды уақтылы аударады, еңбекақы қорын дұрыс жұмсап, лауазымдық жалақыларын дұрыс белгілеуді, штаттық кестені тоқсан сайын жаңартып бекітеді. Штаттық қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң қолдануды, белгіленген мерзімдерде дебиторлық және кредиторлық қарыздарды қайтарады және төлейді, төлеу тәртібін ұстанады, есеп құжаттарының сақталуын белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді. Шығындар сметасының орындалуы бойынша, кәсіпорындармен, ұйымдармен есеп айырысудың жай-күй қызметін қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметі мәселелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу. Жалақы төлеуге, жалақы есептеуге арналған есеп айырысу карточкалары мен ведомостерін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, демалыс есептерін жүргізуді жүзеге асыру, зейнетақы қорларымен шарттар жасасу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласының жұмыстарын жүргізеді. Кенті әкімі аппаратының стратегиялық жоспарын әзірлеуге қажетті құжаттарды ұсынады, бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына кент бюджетінің атқарылуы туралы есебін дайындап ұсынады; Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады; Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарын атқарған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтауға, әкімшілік рәсімдерді сақтауға міндетті. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпыбілім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын ұйымдастыру;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша.
2.Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе кенті әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iсшараларды әзiрлейдi және iске асырады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды. Мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады. Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ мемлекеттік органның аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, ҚР Үкіметінің 09.11.2006 жылғы №1072 қаулысымен бекітілген Үлгі ереженің 8- 3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды, стратегияларды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасауды ұйымдастырады және басқа мемлекеттік қызметшілермен бірлесіп жүргізеді. Алқабиге кандидаттардың тізімін заңнамаға сәйкес әзірлейді және аудан әкімінің аппаратына жолдайды. «Ашық НҚА» порталына әзірлеуші мемлекеттік мекемелер ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялайды және келіп түскен сұрақтарға, ұсынымдарға, ескертпелерге жауап беруді ұйымдастырады. Әкімнің тапсырмасы бойынша арызшағымдарға, өтініштерге және басқа жолданымдарға ҚР Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексіне және басқа заңнамаға сәйкес жауаптар дайындауға қатысады. Кент бойынша жастар мен жұмыс жүргізу. Округ тұрғындарын баспасөзге жазылуын ұйымдастыру және ішкі саясат бөлімімен бірлесіп жұмыс атқару. Білім беру орындары, спорт саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Кент әкімі аппаратының әлеуметтік желісінде тұрақты жұмыс жасау, желіге түскен жарияланымдарды қадағалау және мерзімінде жауап беруге міндетті және жауапты. Жаңа және өзгеріс енгізілген Қазақстан Республикасының Заңдарымен әкімін және әкім аппаратының қызметкерлерін таныстырады. Кент аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, ономастика бойынша тиісті құжаттарды дайындайды. Кент аумағында қоғамдық мәдени іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тиісті нысандағы тоқсандық есебін уақытылы тапсырылуын қастамасыз ету. Кент аумағындағы көрнекі құралдарының дұрыс жазылуы жөнінде жұмыстар атқару және пано, щит, билборт, жарнама құралдарының ілінуін ұйымдастыру. Кент бойынша нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізіп, әр айдың 3-нен кешіктірмей тиісті бөлімдер мен мекемелерге есеп береді. Заң мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарының тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Кент аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын жинақтайды және тиісті жұмыстарды атқарады. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға өз құзіреті шегінде әкімшілік хаттамасын толтыруға және айыппұл салу құжаттарын жүргізуге, заңды және жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың құжаттарын бағдарламаға енгізуге міндетті. Мемлекеттік сатып алу және веб-портал бойынша жұмыстардың заңдылығын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық) мамандықтары бойынша.
3.Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Түсіп жатқан қаржылардың тауарлыматериалдық құндылықтардың, негізгі құралжабдықтардың толық есебін жүргізеді және олардың қозғалуына байланысты операцияларды уақтылы есепке кіргізеді. Мемлекеттік бюджетке кіретін төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарналарын дұрыс есептеп, оларды уақтылы аударады. Ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерін, жобаларын өз саласы бойынша дайындау. Әкімдік мәжілісіне өз салалары бойынша құжаттар дайындап, хаттамалар жүргізеді, іс-шара жоспарлар құрып, орындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекақы қорын дұрыс жұмсап, лауазымдық жалақыларын дұрыс белгілейді, штаттық кестені тоқсан сайын жаңартып бекітеді. Толық материалдық жауапкершілікте болады. Есеп құжаттарының сақталуын белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша және вебпортал бойынша жұмыстарды жүргізеді. Округтің қызметтік мәселелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді. Жалақы төлеуге және есептеуге арналған есеп айырысу карточкалары мен ведомостерін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, демалыс есептерін жүргізуді жүзеге асырады. Басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді. Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі. Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді. Берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарын бекітеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолмақол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді. Бас маман: бас кітапты жүргізу, штат кестесін жүргізу, еңбек ақыны есептеу, құжаттарды даярлау, табыс салығын есептеу, бухгалтерлік есептерді жүргізу, қаржылардың игерілуіне есеп жүргізу, әкімге мәлімет беру, төлем тапсырмаларын тіркеу, кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу, келісім-шарттарды даярлау, тіркеу, іс-сапар куәлігін рәсімдеу және оның есебін жүргізу, еңбек демалысының кестесін жасау, партия, кәсіподақ мүшелік жарналарды тиісті органдарға уақтылы аудару, әртүрлі құттықтау рәсімдерін ұйымдастыру, автокөлікке жанар-жағар май талонын уақтылы жеткізіп тұру, еден жуушыға керекті құрал саймандарды жеткізіп тұру жұмыстарын орындайды. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ақпараттандыру обьектілерін құру мәселелеріне жауапты. Бірыңғай талаптардың 40-тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Азаматтардың өтінішін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес тиісті сала бойынша жауап беру «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасауға міндетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік аудит) мамандықтары бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________________ |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
|
|
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||||
|
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) |
||||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей |
|
||||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
||||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады