Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (Е-R-2 санаты, 1 бірлік):

Ішкі конкурс

 

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-2 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-2

А

305 232

350 615

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (Е-R-2 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын жалпы басқаруды және оған жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді толық көлемінде орындалуына бақылау жасайды; Бөлім қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды; аудан елді мекендері бойынша ауыз су, жол, жылу, абаттандыру, көркейту, табиғи газбен, электрмен жабдықтау салаларындағы құрылыс, жөндеу жұмыстарына ұсыныстар әзірлеп, тиісті деңгейде жүргізілуін бақылайды; Тұрғын үй саласына қатысты барлық жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырып, бақылау жасайды. Жобалау-сметалық құжаттарды әзірленуіне бақылу жасайды, заңдылығын тексереді, жұмысын жүргізеді. Инфроқұрылым саласындағы қызметтерді ұйымдастырып, орындайды; облыс, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, мәліметтерді әзірлейді, тиісті мекемеге ұсынады. Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі және құқықтық оқудың ісшараларын ұйымдастырып, құжаттарды жүргізеді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 144-баптың 1-бөлігі (электр және жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану), 2- бөлігі (су құбырлары желілерінен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылу) 172-баптың 1,3,4 бөліктері, 301, 303, 304, 305-бабтары және 306 баптың 1,2- бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе көлік қызметтері және/немесе гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе мемлекеттік басқару және/немесе құқықтану және/немесе өңірлік даму); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (механика және/немесе химия және/немесе математика және/немесе экология және/немесе техникалық физика және/немесе геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару және/немесе биологиялық және сабақтас ғылымдар және/немесе гидрология); бизнес, басқару және құқық (құқық); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (гидрогеология және инженерлік геология); педагогикалық ғылымдар (физика); өнер және гуманитарлық ғылымдар (сурет өнері және/немесе мүсін өнері және/немесе дизайн және/немесе артменеджмент); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс материалдарын,бұйымдарын және кұрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе сәулет және/немесе құрылыс және/немесе мұнай газ ісі және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе баяу балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы және/немесе маркшейдерлік іс және/немесе көлік және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) және/немесе көлік, көлік техника және технологиялары және/немесе автоматизация и управление және/немесе теплоэнергетика) мамандықтары бойынша.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

                   Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

      Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

      Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

      Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

      Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

      Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

      Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

     Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                          (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефондары: __________________________________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________      ___________________________

       (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

 

Дата публикации
09 апреля 2024