Түлкібас ауданы Жаскешу, Тастұмсық, Келтемашат ауылдық округтері аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

27.03.2024 жылғы №80 қаулысы

 

Түлкібас ауданы Жаскешу, Тастұмсық, Келтемашат ауылдық округтері аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының 63-бабына сәйкес аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1.Қоса беріліп отырған Жаскешу, Тастұмсық, Келтамшат ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскелерінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін, халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, осы қаулы жарияланған күннен бастап төрт ай өткен соң 2024 жылдың 13 шілдесіне дейін иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары басталсын (қосымша).

  1. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелерінің және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Жантуров көшесі №17 үй, «Түлкібас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы қаулының   орындалуын   бақылау  аудан  әкімінің  орынбасары М.Жанесен жүктелсін.

 

 

              Аудан әкімі                                                                     Н.Изтилеуов

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің

2024 жылғы «27»  наурыздағы

№80 қаулысына қосымша

 

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер пайдаланушылардың

Жаскешу мен Тастұмсық ауылдық округі бойынша тізімі.

 

р/с

А.Ж.Т

Кадастырлық №

Жер

көлемі, га

Иелену құқығы

Орналасқан           жері

Жаскешу ауылдық округі

1

«Ақбиік агро» АӨК, төрағасы

Қамзабекұлы Бархан

№19-300-031-137

21,03 га

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Жаскешу ауылдық округі

Тастұмсық ауылдық округі

2

«Алдияр» ш/қ,

төрағасы

Джумакулов Рахманкул

№19-300-008-624

1,01га

Жеке

меншік

Тастұмсық ауылдық округі

3

 «Нұр» ш/қ

төрағасы

Таутаев Базарбай

№19-300-008-056

0,37га

Жеке

меншік

Тастұмсық ауылдық округі

4

 «Абилхан» ш/қ

 төрайымы

Берикбосынова Гульжамал

№19-300-008-234

0,33 га

Жеке

меншік

Тастұмсық ауылдық округі

5

«Абдиомар» ш/қ

төрағасы

Егизбаев Кенжебек Абдымарович

№19-300-008-147

0,40 га

Жеке

меншік

Тастұмсық ауылдық округі

Келтемашат ауылдық округі

6

«Виноград» ЖШС

төрайымы

Жамансариева Ардак Мейманхановна

№19-300-091-345

3,4

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Келтемашат ауылдық округі

7

«Бес жал» ӨК

Төрағасы

Інкәр Елдос Спабекұлы

 

№19-300-089-644

2,85

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Келтемашат ауылдық округі

8

«Бес жал» ӨК

Төрағасы

Інкәр Елдос Спабекұлы

 

№19-300-089-133

3,0

Өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы

Келтемашат ауылдық округі

                                                                             

 

Дата публикации
28 марта 2024