1.Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және жол салалары секторының меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік):

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға   жалпы конкурс  туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-3

А

263131

302255

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб

 

1.Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және жол салалары секторының меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Сектор жұмысын жалпы басқаруды, оған жүктелген тапсырмадан шығатын нұсқаулар мен міндеттерді толық көлемінде жүзеге асырады; сектор қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды; Аудан елді мекендерін электр энергиясымен қамту, жарықтандыру саласының құрылыс жұмыстары мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындайды; аудан елді мекендерінің санитарлық тазалығын сақтау, экология саласының бөлімге тиісті жұмыстарын орындайды; лауазымдық нұсқаулығында бекітілген міндеттерге сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмысын орындайды; телекоммуникация саласындағы қызметтерді ұйымдастырып орындайды; біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы, заң шеңберінде орындауға жауапты. жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін заң талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 144-баптың 1-бөлігі (электр және жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану), 2- бөлігі (су құбырлары желілерінен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылу) 172-баптың 1,3,4 бөліктері және 320-баптың 5,6,7 бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдары мен технологиялар (тасымалдауды ұйымдастыру); қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе көлік қызметтері және/немесе гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе мемлекеттік басқару және/немесе өңірлік даму); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (механика және/немесе химия және/немесе экология және/немесе гидрогеология және инженерлік геология және/немесе геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару және/немесе математика және/немесе техникалық физика және/немесе биологиялық және сабақтас ғылымдар және/немесе гидрология); педагогикалық ғылымдар (физика және/немесе физика); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жолқозғалысын ұйымдастыру); өнер және гуманитарлық ғылымдар (дизайн және/немесе мүсін және/немесе арт-менеджмент және/немесе графика); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және кұрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе жылу энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе көлік және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) және/немесе сәулет және/немесе балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы және/немесе мұнай-газ ісі және/немесе құрылыс және/немесе транспорт, транспортная техника и технологии және/немесе архитектура).

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.

 

 Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) Өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

      3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

      Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

       Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

      Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

                   Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

      Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

      Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

       комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

       Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

      Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

      Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

       Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

      Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                          (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефондары: __________________________________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________      ___________________________

       (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

                                     ФОТО

                              (түрлі түсті/ цветное,

                                              3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

           

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
18 марта 2024