«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
E-G-3 |
А |
226837 |
260564 |
|
E-G-3 |
В |
195549 |
224624 |
1.Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнамасына сәйкес жұмыс жасау және ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Округке қарасты елді мекендердегі жұмыссыздармен жұмыс жасау, оларды анықтау, жергілікті жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркеу. Жұмыссыздарды мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарына жіберу, ақылы қоғамдық жұмысқа, жастар тағылымдамасына, әлеуметтік және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру; Елді мекендердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды анықтау, тиісті есептілікті жүргізу; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Округ тұрғындарының мәртебесін анықтау жұмыстарын жасау; Округ аумағындағы бос және жаңа жұмыс орындарын анықтау жұмыстарын ұйымдастыру; Көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күмiс алқа", "Ер ана", I-II дәрежедегi "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналардың есебін жүргізу, сонымен қатар, жаңадан Алтын және Күміс алқаға тапсыратын аналардық құжаттарын жинақтау және тиісті бөлімге тапсыру, оларды алқа иелеріне қайта табыстау жұмыстарын жүргізу; Аталған аналарды ҚР мемлекеттік мерекелерінде құттықтау жұмыстарын ұйымдастыру; Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, сонымен қатар, еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ жұмысқа жарамды мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жеңілдік пайдаланатын азаматтарға, барлық топтағы мүгедектерге, оралмандарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру; Бұл категорияға кіретін азаматтарға көмек көрсету үшін тұрмыс деңгейін, жағдайын анықтау жұмыстарын жүргізу; Округ аумағындағы кәсіпкерлермен жұмыс жасау, олардың демеушілік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру; Округ аумағында қоғамдық мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; Гендерлік және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Халыққа қызмет көрсетуді стандарттарға сәйкес жұмыс жүргізу; Жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарларын түзу және орындалуы туралы мәліметтерін іс-жүргізушіге уақытылы жеткізу; Тиісті бөлімдерге апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерін тапсыру;
2.Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (В блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аумағында ветеринария заңдылығын жүзеге асыру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің нормативтік актілерінің және тапсырмаларының осы сала бойынша бөлімде орындалуын бақылау Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тиісті әкімшілік-аумақты бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелуі мен таралуын қорғау; жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою, елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Шаруашылық есеп кітабын толтыру, мал басын түгендеу жұмысын жүргізіп электронды базаға енгізу, елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау. Округ аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды. Округ аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді. Келіп түскен хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақтылы, заң шеңберінде жауап беру. Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру және орындау. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік» бағдарламасы, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес және еңбек өнімділігін арттыру бағытында аудандық индикаторлардың округ аумағында орындалуын ұйымдастыру. Округ аумағындағы кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын ұйымдастыру.
3.Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А блок) (E-G-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарына сәйкес округ аумағы бойынша ауыл шаруашылық саласының жұмысын өз деңгейінде ұйымдастырады, айсайын аудандық статистика және ауылшаруашылық бөлімдеріне есеп беру, олардан түскен құжаттарға жауаптар әзірлейді. Ауылдық округ әкімінің жерге қатысты шешімдерінің жобаларын дайындау. Шаруа қожалықтарының есеп кітабын, үй шаруашылықтарының есеп кітабын жүргізу және электронды бағдарламаға енгізу. Ауылдық округ аумағындағы құрылыс, заңсыз құрылыстарды анықтау жөніндегі жұмыстарды атқарады. Келіп түскен хаттарға, ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электронды жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс жасау. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақтылы, заң шеңберінде жауап беру. Ауылдық округті көгалдандыру, көріктендіру, экономикалық даму, әлеуметтік мәселелер шағын және орта бизнесті дамыту, тазалық сақтау және коммуналдық қызмет мәселелеріне байланысты жұмыстарды атқарады. Осы салалары бойынша тиісті мекемелерге есептіліктерді тапсырады. Майлыкент ауылдық округі әкімі аппараты КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын тиісті заңнамаға сәйкес жүргізу. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірдей төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» және «Саудасаттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын жүргізу. ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға өз құзіреті шегінде әкімшілік хаттамасын толтыруға және айыппұл салу құжаттарын жүргізуге міндетті.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
|
|
«Б» корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________________ |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
|
|
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||||
|
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) |
||||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей |
|
||||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
||||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады