«AMANAT» партиясы ТүЛКІБАС АУДАНЫның 2023 жылға АРНАЛҒАН сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы 53 іс шарадан тұрады.
2023 жылы орындалуы тиіс 53 іс-шараның ағымдағы жылдың 9 айында 29-і (54,7%) орындалды, 24-і (45,3%) орындалу үстінде, жыл қорытындысымен толығымен орындалады деп күтілуде.
Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картадағы бағыттардың орындалуына тоқталсам:
АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ.
Ауылшаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру:
СЛАЙД-2
Ауылшаруашылық айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін арттыру жоспары 2023 жылы 100 гектар болса, 9 айдың қорытындысымен ескі өнім бермейтін алма бауларын жұлып, тазалау арқылы қайта айналымға 100 гектар егістік қосылып, жоспар толығымен орындалды. Сонымен қатар ауыспалы егістің көлемі 2023 жылы 14,5 мың гектарға жеткізіліп, жоспар толығымен орындалып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешенге ылғал үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 2023 жылдың жоспарындағы 1488 гектар ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысымен толығымен орындалды. Ылғалды үнемдеу технологиясы негізінен көп жылдық екпелер, оның ішінде қарқынды алма бауға, жүзімдіктерге орнатылған.
СЛАЙД-3
Ауылшаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемін 60,5 млрд. теңгеге дейін өсіру жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысымен 46 759,9 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 98,7 пайызды құрады. (Өткен жылдың тиісті кезеңі 44 530,5 млн. теңге).
СЛАЙД-4
10-15 басқа арналған шағын бордақылау алаңдарын арттыру бойынша 40 алаңша ашу жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 48 алаңша ашылды. Сонымен қатар қазіргі таңда 1000 бастан асатын ірі 3 мал бордақылау алаңдары бар: олар «Адал» ШҚ 1200 бастық, «Сармат» ШҚ 1000 бастық және «Ет өнімдері КЗ» ЖШС 1000 бастық мал бордақылау алаңы.
СЛАЙД-5,6
«ЖЕР АМАНАТЫ» жобасының орындалуы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның барлық жер көлемі 227 504 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 148 579 гектар.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жер көлемі – 128 270 гектар болып, оның ішінде:
Егістік жерлердің көлемі – 63 650 гектар,
Оның ішінде суармалы – 13 456 гектар,
Көпжылдық екпе ағаштары – 3 461 гектар,
Жайылым – 58 136 гектар,
Шабындық – 3 211 гектар,
Өзге жерлер – 18 641 гектар,
Пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бағытында 2021-2022 жылдары ауданда 12,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Жер пайдаланушылармен 23 773 гектар жерді ортақ пайдалануға меморандум жасалынды.
2023 жылы бекітілген жоспарға сәйкес, аудан аумағынан 7,0 мың га жайылымдық жерді мемлекетке қайтару жоспар қойылған, жыл басынан бері 4273 гектар жайылымдық жер қайтарылды, оның ішінде, 3892 гектары сот тәртібімен қайтарылған, 381 гектары өз еркімен қайтарылды.
Қазіргі таңда 1878 гектар жайылымдық жер учаскелерін қайтару мәселесі Түркістан облысының ауданаралық экономикалық сотында қаралуда.
Елді мекендердегі жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға шығару туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің 11.09.2023 жылғы №227 қаулысы қабылданып, ауыл округ әкімдеріне шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру тапсырылған.
Жоспарда көрестілген 7,0 мың га жайылым жер учаскесі жыл соңына дейін қайтарылғаннан кейін, елді мекендердегі жайылым жерлердің көлемі ұлғаятын болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендердегі жайылым жерлердің тапшылығын жою басты назарда.
СЛАЙД-7
«Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алу жолдарын халыққа кеңінен түсіндіру арқылы жыл сайын 140 кәсіпкерге дейін микрокредит беруге мүмкіндік береміз: Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын.
Осыған орай, қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің аудан үшін өте маңызды.
Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары.
Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.
Түлкібас ауданында бағдарламаға Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде іске асырылуда. Аталған төрт ауылдық округтері бойынша жоба аясында жалпы 159 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 1076,5 млн. теңгені құрайтын 162 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» микро кредиттік ұйымна ұсынылған, оның 121 жобасы 807,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Жаңа жұмыс орындарын құру және кірісті арттыру:
«10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында 2023 жылы 641 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 1023 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар толығымен орындалып отыр.
СЛАЙД-8
Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл сайын 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту:
Әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен 69,3 млн. теңгеге қаржы бөлінген. 34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Жастар практикасына жастарды жұмысқа жолдау: Жастар практикасына 625 азаматқа РБ 776,3 млн. теңге қаржы бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 241 жұмыссыз жастар практикасына жолданды.
Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамту: "Алғашқы жұмыс орны" жобасына 60 азаматқа РБ 74,5 млн. теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Қоғамдық жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды тарту бойынша: Ақылы қоғамдық жұмысқа 700 азаматты жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн. теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 78 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 881 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданып, жоспар толығымен орындалды.
Күміс жас» жобасы бойынша жұмыссыздарды қолдау бойынша "Күміс жас" жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық қордан 57,8 млн. теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 75 азамат "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа жолданды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру бойынша: Мемлекеттік грант 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн. теңге қайтарымсыз грант беріліп, жоспар толығымен орындалды.
Жастарға жеңілдетілген шағын несие беру бойынша, 9 айдың қорытындысы бойынша 6 жасқа 2,5 пайыздық шағын несие берілді.
«Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне жыл сайын 180 адамды оқытып, сертификат беру бойынша, жұмыссыз 944 азаматқа сертификат беріліп, жоспар 5,0 есеге артығымен орындалған.
СЛАЙД-9
Туризмді дамыту:
Туризімді дамыту бойынша өңірімізге келуші туристер санын 6200 адамға жеткізу жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен ауданға 12098 турист келген. Ауданда 36 туристік нысан (3 қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар, 4 киелі аймақ) жұмыс жасайды.
АЙМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету
СЛАЙД-10
2027 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 140,0 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жеткізу бойынша, 2023 жылға жоспар 27700 ш. м. болса, 9 айдың қорытындысымен 19 284 ш.м тұрғын үй пайдалануға беріліп, (Өткен жылдың тиісті кезеңі 18 814 ш.м) нақты көлем индексі 102,5% өсті.
Сапалы сумен және газбен қамтамасыз ету
СЛАЙД-11
Ауылдық елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау деңгейі: Аудан бойынша 61 елді мекеннің 21 135 тұрғын үйі 99,8% табиғи газ жүйесімен қамтылған. Жалпы Түлкібас ауданы табиғи газбен қамтылу жұмыстары облыс көлемінде алғашқы орындарының қатарында. Дегенімен, табиғи газ жүйесімен қамтылмаған 3 елді мекен бар (Ақсай -15 адам 10 үй, Қайыршақты- 45 адам 10 үй, Ирсу 121 адам 34 үй). Ирсу елді мекеніне бюджеттен 178,1 млн. теңге қаржы қарастырылып, газ құбырын тарту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
СЛАЙД-12
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының таза ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігін 100%-ға жеткізу: 61 елді мекеннің 59 елді мекені 99,8 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген, оның ішінде 28 елді мекені тік ұңғыма көздерінен, ал қалған 31 елді мекен бастау көздерінің ауыз суын пайдалануда.Қалған 3 елді мекен таулы аймақта орналасқан (Ақсай, Қайыршақты, Даубаба-2) (176 адам (0,2%) бұлақ суын пайдалануда.
Сондай-ақ 2021-2023 жылдары Азаттық ауылының ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына жалпы 399,4 млн. теңге қаржы қарастырылды. Құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталып, нәтижесінде 860 абонент 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
2023 жылы Машат (ЖСҚ құны-1 144,4 млн. теңге), Жабағылы (ЖСҚ құны- 1 017,2 млн. теңге), Мынбай (ЖСҚ құны-805,2 млн. теңге) және Сеславино (ЖСҚ құны-528,0 млн. теңге) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына салалық қорытындысы алынып, РБ қаржы қарау мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына ұсынылды.
Нормативтік жағдайдағы жол үлесін арттыру
СЛАЙД-13
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 елді мекенге (Майтөбе, Азаттық) 498,2 млн. теңге қаржы бөлініп, 32,1 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 2022-2023 жылдары 593,9 млн. теңгеге КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Құтарыс-Қарабұлақ-Түлкібас» 16 шқ, 206,1 млн. теңгеге КХ-69 «Тастұмсық-Жыланды-Азаттық-Шұқырбұлақ» 7,1 шқ және 269,8 млн. теңгеге КХ-65 «Тастұмсық-Майтөбе-Түлкібас» 9,6 шқ автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Аудандық бюджет есебінен 229,0 млн. теңгеге 17,8 шақырымды құрайтын 7 елді мекеннің 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Т.Рысқұлов, Көкбұлақ, Шақпақ баба, Қоғалы, Жаңаталап, Қожамберді, Ынтымақ).
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 85,3%-ға дейін арттыру болса, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі, 87,7 пайызға артты.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Сонымен қатар көшелерді жөндеу арқылы елді мекендердің көлік қатынасын жақсарту, елді мекен тұрғындарының жүріп тұруына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Сапалы білім беру үшін жағдай жасау Үш ауысымды және апаттық мектептердің мәселесін шешу бойынша:
СЛАЙД-14
Ауданда 60 мектепте (жалпы орта мектеп-46, негізгі орта мектеп-5, бастауыш мектеп-9) барлығы 3143 педагог және 23 611 оқушы бар. Апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер жоқ.
Облыстық бюджеттен құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 300 орындық «Майлыкент» ЖОМ және 150 орындық «Тұрсынбеков» НМ құны 781,5 млн. теңге, 150 орындық "Г.Титов" ЖОМ құны 524,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілдіп.
Сондай ақ, 300 орындық "Бақыбек" мөлтек ауданында орналасатын мектептің (құны 1 459,3 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ынтымақ ауылы, "А.Оразбаева" атындағы ЖОМ (құны 631,8 млн. теңге) күрделі жөңдеу жұмыстарына 2023 жылы 200,0 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдап алуға құжаттар дайындалуда.
СЛАЙД-15
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту бойынша аудандағы мектепке дейінгі 51 ұйымда (48 балабақша, 3 шағын орталық) 3-6 жас бойынша 5946 бала 100 пайыз толық қамтылып, жоспар толығымен орындалды.
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру
СЛАЙД-16
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2022 жылы басталған 4 елді мекендегі (Рысқұл, Шұқырбұлақ, Ақбиік, Келтемашат) фельдшерлік акушерлік пунктің құрылысына 660,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
2024-2025 жылдары 1,4 млрд. теңгеге 11 елді мекенде («Абайл» МП, «Тастыбұлақ» МП, «Мақталы» ФАП, «Бақыбек» ФАП «Шақпақ баба» ДА, «Азаттық» ДА, «Ирсу» МП, «Даубаба» МП, «Қызылбастау» МП, «Пістелі» МП, «Жанұзақ» МП) денсаулық сақтау нысандарын соғу жоспарлануда.
Мәдениет объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету
СЛАЙД-17
Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйлері, 19 ауылдық клубы, 2 аудандық кітапхана және 25 ауылдық кітапхана, барлығы 56 мәдениет мекемесі аудан халқына қызмет көрсетеді.
2022 жылы басталған Кершетас ауылдық клубының құрылысна 164,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
Сонымен қатар 25,7 млн. теңгеге Майтөбе ауылдық мәдениет үйінің және Пістелі ауылдық клуб ғимараттарына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
Бұқаралық спортты дамыту
СЛАЙД-18
Ауданда 5 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемелерінде 4144 оқушы спорттың 20 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, еркін күресі,грек-рим күресі, белбеу күресі, дзюдо, бокс, жеңіл атлетика, қол күресі, гир спорты, таеквондо, тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар, асық ату, үстел теннисі, шахмат, дойбы) 15 ауылдық округтерде қамтылған.
2023 жылы Азаттық және Ақбиік ауылдарынан кәсіпкерлер (демеушілер) есебінен волейбол, таэквондо, шахмат, күрес спорт залдары ашылып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Азаттық, Керейт, Майтөбе және Алғабас ауылдарында жабық футбол алаңшаларының құрылысы жүргізілуде.
Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіштері 40,2%-ды және дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейі 41,6%-ды құрап отыр.