Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

10.01.2023 ж №1

 

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын

бекіту туралы

 

 

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 22-бабының                        1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                           Н.Байғұт

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің

2023 жылғы 10 қаңтардағы

№1 қаулысымен бекітілген

 

 

 

 

2023 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары

 

 

№

Іс-шара атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Бекітілген жоспарға сәйкес

Аудан әкімінің аппараты

Ауылдық округ, кент әкімдері

Дербес бөлімдердің басшылары (Бөлімдер өздеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда, ЖШС-де ішкі талдау жүргізуі тиіс)

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сайтта, фейсбукте, газетте мақалалар жариялау

Тұрақты

Аудан әкімінің аппараты

Ауылдық округ, кент әкімдері

Дербес бөлімдердің, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көше бойында баннерлер, билбордтар орналастыру

Тұрақты

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

4

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар-мәжілістер, дөңгелек үстелдер өткізу

 

Айына екі реттен кем емес

Аудан әкімінің аппараты

Ауылдық округ, кент әкімдері

Дербес бөлімдердің, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары

5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу

 

Жоспарға сәйкес

Аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

клубтар, кітапханалар

 

6

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу

 

Тұрақты

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Жастар ресурстық орталығы

7

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Қылмыстық кодексінің баптары аудан әкімдігіне бағынышты мекемелердің барлық мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылып, ескертіліп, жазбаша қолхат алынсын

Қаңтар айында

Аудан әкімінің аппараты

Ауылдық округ, кент әкімдері

Дербес бөлімдердің, мемлекеттік мекеме басшылары

8

Өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшы жауаптылықта болатынын ескерту 

Қаңтар айында

Аудан әкімінің аппараты

 

9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын тиісті дәрежеде жалғастыру

Тұрақты

Ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі.

Мектеп директорлары (келісім бойынша)

Дата публикации
01 февраля 2024