Түлкібас аудандық тұрғын үй коммуналдық, шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінде, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес жасақталған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезек тізімдері бойынша:
№1 - тізім- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері – 0;
№1-1 тізім - Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма
тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға – 92;
№1-2 тізім - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы
отбасылар – 977;
№2-ші - ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы,
2 тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес, халықты әлеуметтік
жағынан әлсіз топтарындағы адамдар - 1270;
№3-ші - ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы, 2 тармағының 5-ші тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 718;
№4-ші - ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы, 2 тармағының 4-ші тармақшасына сәйкес, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 1 азамат тіркелген.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бөлу кестесі туралы заңдылығына тоқталатын болсақ:
№1-ші тізім- ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бірінші кезекте берілуі тиіс.
№1-1 тізім - Кәмелетке толғанға дейiн ата-наларынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға пайдалануға берілетін пәтерлердің, бірінші кезекте алуға құқығы бар пәтерлердің жалпы санының 20 (жиырма) пайызы берілуі.
№1-2 тізім - «"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға ұсынылатын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай көлемі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес айқындалады» делінген.
№2-ші, №3-ші, №4-ші тізімдегілерге осы Заңның 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж адамдар тізімдерінің санына пропорционалды түрде бөлінуі қажет.
Субсидия бойынша мәлімет
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген, жекелеген санаттардағы азаматтардың жалдамалы тұрғын үйлерінің ай сайынғы төлемдерін субсидиялауға сәйкес, атқарылған мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша:
2023 жылы 191 тұлғаның құжаттары рәсімделген.
Оның ішінде: 147-тұлға жалған ақпарат арқылы рәсімдеген;
27-тұлғаның ақпараты расталды;
16-тұлға өтінішін тоқтатқан;
1-тұлға тұрақты түрде басқа жаққа қоныс аударған, кезек
тізімінен шығарылды.
2024 жылы 73 тұлғаның құжаттары рәсімделген.
Оның ішінде: 60 -тұлға жалған ақпарат арқылы рәсімдеген субсидиядан
шығаруға жатады;
12-тұлғаның ақпараты расталды;
1-тұлға өтінішін тоқтатқан;