Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық округ әкімінің кезекті және Балықты ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары

 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 24қаңтарда № 4 шешіміне қосымша

 

Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық округ әкімінің кезекті және Балықты ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шараның күнтізбелік жоспары

1. Жабағылы, Балықты ауылдық округі әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2024 жылы 24 қаңтар                                      (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылы 3 ақпанға дейін                                            (22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылы 3 ақпанға дейін                                     (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылы 8 ақпанға дейін                                     (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылы 8 ақпанға дейін                                   (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2 2024 жылы 25 қаңтардан бастап 6 ақпанға  дейін    (113-3-б.1-т,5-т)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы     (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде               (113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде                                                    (113-4-б. 8-т.)

11. Түлкібас ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)                   (113-5-б. 2-т)   Құжат тапсырып тіркелгенге дейін

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидаттарды тіркегенге дейін

(113-5-б. 3-т.) Құжат тапсырған күні

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде     (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылы 7 ақпаннан басталады және 2024 жылы 11 ақпан күні жергілікті уақытпен 18:00 сағат аяқталады      (113-5-б.10 –т,14-т)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін                                                             (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылы 11 ақпан кешкі сағ.18:00-ден кейін басталады және 2024 жылы 1 наурыз күні жергілікті уақытпен 00.00. сағатта аяқталады.                                                                                (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімдігі және тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

2024 жыл 12 ақпанға дейін газетке  (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылы 12 ақпанға дейін                                             (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылы 17 ақпанға дейін                                                (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылы 22 ақпанға дейін                          (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын                                                                                        (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Жергілікті уақыт бойынша

2024 жылы 3 наурыз сағат 06:00-де                                    (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін                                                                                 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы  хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу               (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу                  (113-8-б. 1-т.)

28. Әкімдер сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей

2024 жылы 6 наурыздан  кешіктірілмей                            (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірілмей

2024 жылы 10 наурыздан   кешіктірілмей                                (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылы 10 наурыздан   кешіктірілмей

                                                                   (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2024