Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешім № 5

Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық

округі әкімінің кезекті және Балықты

ауылдық округі әкімінің кезектен тыс

сайлауы бойынша сайлау округін

құру туралы.

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Түлкібас ауданының Жабағылы ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Жабағылы ауылдық округі әкімдігінің шекарасында Жабағылы сайлау округі құрылсын.
  2. Түлкібас ауданының Балықты ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Балықты ауылдық округі әкімдігінің шекарасында Балықты сайлау округі құрылсын.
  3. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде Жабағылы және Балықты сайлау округі шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, тізімі жариялансын.

 

 

 

 

         Түлкібас аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                                       Е.Каратаев

 

         Түлкібас аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының хатшысы                                      Н.Серіков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2024