Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

     

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының              23 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                         2-тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Түлкібас ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Түлкібас ауданы әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №8 «Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4777 болып тіркелген және 2018 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі

 

Н. Турашбеков

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
 ____________________К.Ахметов

«____» ______________ 2020 жыл

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 17.03.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5499 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - руководитель отдела-юрист Нуриддин Зиябекович Туракулов, 16.03.2020 11:53:43, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Туркестанской области - руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 16.03.2020 17:17:32, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Түркістан облысы әкімінің аппараты - Аудан әкімі Н. Турашбеков, 17.03.2020 09:16:24, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
24 января 2024