Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1 бабының 2-бөлігіне және Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 02.05.2023 жылғы №5194-23-00-4/152 шешіміне сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түлкібас ауданы, Арыс, Балықты ауылдық округтерінде орналасқан жалпы алаңы 226,64 га. жер учаскелеріне «Aurum Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 24 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Изтилеуов