Ішкі конкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
Е-R-3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
Е-R-3 |
А |
263131 |
302255 |
1.Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және жол саласының сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Аудандағы кәріздік жүйелердің жұмысын қадағалайды, ағымдағы жөндеу, құрылыс жұмыстарына ұсыныстар әзірлеп, жұмыстарды жүргізеді; аудан елді мекендерінің санитарлық тазалығын сақтау, экология саласының бөлімге тиісті жұмыстарын орындайды; лауазымдық нұсқаулығында бекітілген міндеттерге сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмысын орындайды; телекоммуникация саласындағы қызметтерді ұйымдастырып орындайды; аудандағы автомобиль жолдарын қыс айларында қардан тазалайтын техникалардың дайындығы мен жұмысын ұйымдастыру, мәліметтерді жинақтап дайындау; біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы, заң шеңберінде орындауға жауапты.
жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін заң талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 144-баптың 1-бөлігі (электр және жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану), 2-бөлігі (су құбырлары желілерінен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылу) 172-баптың 1,3,4 бөліктері және 320-баптың 5,6,7 бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдары мен технологиялар (тасымалдауды ұйымдастыру, және көліктегі қозғалысты басқару және/немесе тасымалдауды ұйымдастыру); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе жол қозғалысын ұйымдастыру және/немесе тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару); бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаларды басқару); өнер және гуманитарлық ғылымдар (көркемөнер және/немесе сурет өнері және/немесе мүсін өнері және/немесе дизайн); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс материалдарын,бұйымдарын және кұрастырылымдарын өндіру және/немесе сәулет және/немесе құрылыс және/немесе стандарттау және сертификаттау және/немесе көлік құрылысы және/немесе маркшейдерлік іс және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе машина жасау) мамандықтары бойынша.
2.Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмысын жүргізеді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмысшы топтың жұмысын ұйымдастырады. Аудандық ардагерлер кеңесімен және билер кеңесімен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Ішкі саясат бөлімінің жұмысын тиімді жүргізу мақсатында басқа мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде байланыс жасайды. Аумақта орын алған қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жинақтау және жан-жақты талдау жасау. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүргізуге және қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздікті,қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамның бірігуін нығайтуға қатысу. Аудан аумағындағы қызмет ететін ұлттық-мәдени орталықтар туралы және олардың жұмысы жөнінде мәліметтер базасын қалыптастырады. Қоғамдық-саяси сала және ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын, мемлекеттік саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және асыру жұмыстарын үйлестіреді. Ауданда дін саласы бойынша ақпараттық түсіндіру топтардың жұмысын жүргізеді. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы, заң шеңберінде орындауға жауапты. Машат, Балықты, Майлыкент, Састөбе кентінің, Кемербастау ауылдық округтерінің ішкі саясат бөліміне тиісті жұмыстары, құжаттары бойынша жетекшілік жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаларды басқару); педагогикалық ғылымдар (тарих және/немесе география және тарих); өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе шығыстану және/немесе теология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану)мамандықтары бойынша.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.
Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
|
|
Б" корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________________ |
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Байланыс телефондары: __________________________________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________