Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (Е-R-2 санаты, 1 бірлік):

Ішкі конкурс

 

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-2 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-2

А

305 232

350 615

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары (Е-R-2 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды; Аудан елді мекендері бойынша ауыз судың, газбен жабдықтау салаларындағы құрылыс жұмыстарына ұсыныстар әзірлеп, жұмыстарды жүргізеді; Жобалау-сметалық құжаттарды әзірленуіне бақылау жасайды, заңдылығын тексереді, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының заңдылығын бақылайды.Инфроқұрылым саласындағы қызметтерді ұйымдастырып, орындайды; Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі және құқықтық оқудың іс-шараларын ұйымдастырып, құжаттарды жүргізеді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төменде көрсетілген баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырып, дәлелдемелерді жинақтап, әкімшілік істі шешім қабылдау үшін аудан әкімінің (сала бойынша) орынбасарына бөлім басшысы арқылы осы кодекстің 144-баптың 1-бөлігі (электр және жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану), 2-бөлігі (су құбырлары желілерінен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылу) 172-баптың 1,3,4 бөліктері, 301, 303, 304, 305-бабтары және 306 баптың 1,2-бөліктері бойынша жолдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызметтер (логистика (сала бойынша)); бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаларды басқару); қызметтер (тасымалдау ұйымдастыру, көлікті қозғалыс және пайдалану); бизнес, басқару және құқық (құқық); өнер және гуманитарлық ғылымдар (көркемөнер және/немесе сурет өнері және/немесе мүсін өнері және/немесе дизайн); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс материалдарын,бұйымдарын және кұрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе сәулет және/немесе құрылыс және/немесе стандарттау және сертификаттау және/немесе көлік құрылысы және/немесе маркшейдерлік іс және/немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және/немесе көлік, көлік техника және технологиялары) мамандықтары бойынша.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

                   Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

      Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

      Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

      Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

      Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

      Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

      Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

     Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 августа 2023