Түлкібас ауданы Түлкібас кенті және Машат
ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Түлкібас ауданының Түлкібас кенті әкімін сайлау үшін - Түлкібас кенті әкімдігінің шекарасында Түлкібас кенті сайлау округі құрылсын.
- Түлкібас ауданының Машат ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Машат ауылдық округі әкімдігінің шекарасында Машат сайлау округі құрылсын.
- Аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде Түлкібас кенті және Машат сайлау округі шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының, учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып тізімі жариялансын.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы С.Тлеубеков