Түлкібас ауданы Түлкібас кенті және
Машат ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына негізінде, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Түлкібас ауданы Түлкібас кенті және Машат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 09 тамыз күні тағайындалып, 2023 жылдың 17 қырқүйек күні өткізілсін.
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 17 қырқүйекке белгіленген Түлкібас ауданы Түлкібас кенті және Машат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде жариялансын
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы С.Тлеубеков