халықаралық автожолының бойында жерасты тоннелінің құрылысы 2013 жылы басталған болатын. 10 жылдан бері салынып жатқан тоннелдің құрылысы аяқталуға жақын. Мамыр айында облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында осы Шақпақ баба ауылындағы жерасты жолының құрылысымен танысып, құрылысқа қатысты мемлекеттік орган басшыларына жобаны қадағалап, соңына дейін жеткізу керектігін айтқан еді. Жобаның жалпы құны - 8,5 млрд теңге. Тоннельдің ұзындығы - 840 метр, ені - 13. "Тараз-Шымкент" бағытында бұрғылау-жару жұмыстары мен монолитті бетон құрылысы толығымен аяқталған. Жол төсемі мен дренаждық құрылғы үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылып жатыр, - деді Нұржан Жақсылықұлы.