Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына негізінде, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Түлкібас ауданы Ақбиік ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 19 шілде күні тағайындалып, 2023 жылдың 27 тамыз күні өткізілсін.
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 27 тамызына белгіленген Түлкібас ауданы Ақбиік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде жариялансын.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы С.Тлеубеков