Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс V-сессиясы 2023 жылдың 24 шілдесінде сағат                    1700-де  Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй,                                   (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 24 шілдесінде сағат 1630-дан бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі                        2023 жылдың 21 шілдесінде сағат 1600-де өтеді

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:     

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №27/1-07 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Түлкібас ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/4-08 «Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттық тобын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

  Аудандық мәслихаттың

  төрағасы                                                                               Х.Байысбаев

 

Дата публикации
20 июля 2023