Ағымдағы жылдың 2 маусым күні аудан әкімі Н.Изтилеуовтың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген пәтерлерде тұрмайтындарды, басқа тұлғаларға жалға беріп қойғандарды анықтау және заңға сәйкес жалға беру шарттарын бұзу, қайтарылған пәтерлерді мұқтаж азаматтарға беру жұмыстары туралы .
Отырыста Аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С.Сатимовтың баяндамасы тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды және жауапты мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Түлкібас ауданы әкімінің аппараты