Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е.Ормановтың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
Әлеуметтік қамсыздандыру және халықты жұмыспен қамту саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Отырыста Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Қалдарбековтың және Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Байбатчаевтың баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды және жауапты мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Түлкібас ауданы әкімінің аппараты