Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының            28-бабының 6-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі                        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін Түлкібас ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы №709 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-14-162 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 желтоқсанда «Шамшырақ» газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;     

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

 

Аудан әкімі                                                                            Н.Турашбеков

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы             

________________К.Ахметов

«___» ___________ 2019 жыл

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 04.05.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5027 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - руководитель отдела-юрист Нуриддин Зиябекович Туракулов, 03.05.2019 12:26:04, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Туркестанской области - Руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 03.05.2019 15:22:06, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Түркістан облысы әкімінің аппараты - Аудан әкімі Н. Турашбеков, 03.05.2019 17:43:31, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
30 января 2023