«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 және 15-1 баптарына сәйкес Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыратындығы туралы хабарлайды.
Ауданда 17 округтік сайлау комиссиясы құрылады.
Әр округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден құрылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия әрбір сайлау комиссияларының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 30 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 14 қаңтарына дейін Түлкібас аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) электрондық және қағаз форматында белгіленген формада сайлау комиссия құрамына енетін кандидаттар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (құрылымдық бөлімшелерінің) және жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы хаттамаларынан көшірмелері;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссияларының құрамын қалыптастырушы болып табылатын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес округтік сайлау комиссияларының құрамы жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлерінен тұрмауға тиіс.
Жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушы, асырап алынған балалары, толыққанды, толыққанды емес аға- қарындастары, атасы, апасы, немересі) күйеуі мен әйелі бір сайлау комиссиясының құрамында бола алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 14 қаңтарына дейін, дүйсенбі күнінен бастап жұма күні аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін.
Түлкібас аудандық мәслихаты
Сейсенбаев Садуахас Балтабайұлы – Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201.
Түлкібас округтік сайлау комиссияларының құрамын құру мәселелері жөніндегі жауапты – Нұрлыбаев Болатбек Қысырауұлы, қалааралық телефон: 8(72538), байланыс сымтетігі: 52-216, мобильды байланыс: 87759078161
Округтік сайлау комиссиялары – 17
|
Рет саны |
Сайлау округінің нөмірі |
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
№1 |
Жабағылы ауылы, Абай көшесі №58, ескі әкімшілік ғимараты |
5 |
|
2 |
№2 |
Түлкібас кенті, Б.Момышұлы көшесі №81а, Б.Момышұлы атындағы мектебінің ғимараты |
5 |
|
3 |
№3 |
Ақбиік ауылы, Сәулетбек көшесі №98, «Т.Иманбеков» жалпы орта мектебінің ғимараты |
5 |
|
4 |
№4 |
Т.Рысқұлов ауылы, Жамбыл көшесі 134а, Б.Садықов ЖОМ ғимараты |
5 |
|
5 |
№5 |
Т.Рысқұлов ауылы, Нұрманов С.Бекбосынов көшесі №210, Жанкент ЖОМ ғимараты |
5 |
|
6 |
№6 |
Т.Рысқұлов ауылы, М.Абиров көшесі №1, Дарын мектеп интернатының ғимараты |
5 |
|
7 |
№7 |
Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №135, Ломоносов мектеп гимназиясының ғимараты |
5 |
|
8 |
№8 |
Азаттық ауылы, А.Навои көшесі №103, мәдениет үйінің ғимараты |
5 |
|
9 |
№9 |
Тастұмсық ауылы, Дүйсенбаев көшесі №65, М.Лермонтов атындағы мектебінің ғимараты |
5 |
|
10 |
№10 |
Майтөбе ауылы, Гагарин көшесі №18, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
5 |
|
11 |
№11 |
Жаскешу ауылы, Л.Демеушов көшесі №113, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты |
5 |
|
12 |
№12 |
Балықты ауылы, Айдағараев көшесі №14, Рыбалко атындағы мектебінің ғимараты |
5 |
|
13 |
№13 |
Керейт ауылы, Ж.Әсілбекұлы көшесі №54, мәдениет үйінің ғимараты |
5 |
|
14 |
№14 |
Кершетас ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесі №7, Қ.Жандарбеков атындағы ЖОМ ғимараты |
5 |
|
15 |
№15 |
Түлкібас кенті, Н.Өзбеков көшесі №1, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты |
5 |
|
16 |
№16 |
Састөбе кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі н/з, мәдениет үйінің ғимараты |
5 |
|
17 |
№17 |
Машат ауылы, М.Әуезов көшесі №1а, ауылдық клубының ғимараты |
5 |
Түлкібас аудандық мәслихаты