Түркістан облысы Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімі №20

 

Т.Рысқұлов ауылы                                                            29 желтоқсан 2022 жыл

 

Түлкібас аудандық мәслихатының

депутаттарын сайлау жөніндегі округтік

сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылдың 28 желтоқсандағы № 19 Түлкібас аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» шешіміне сәйкес  Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінде 17 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Түлкібас аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы шешім Түлкібас ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың ресми интернет- ресурстарында, «Шамшырақ» аудандық газетінде жариялансын.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                   Е.Қаратаев

 

Түлкібас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                   Е.Есенбаев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022