Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы                              4-тармағының 6) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу бекітілсін.
  2. «Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудан әкімі                                                                     Н.Байғұт

Дата публикации
28 декабря 2022