|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Ескерту / орындау |
|
3 тоқсан |
|||||
|
1. |
Тастұмсық ауылының тұрғыны А.Максутбековаға энергопоток мекемесінде жеке дербес шот ашу, электр бағанасын балансқа алу мәселесі |
Тастұмсық ауылының тұрғыны А.Максутбековаға энергопоток мекемесінде жеке дербес шот ашу, электр бағанасын балансқа алу бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас ауданық бөлімшесі басшысы А.Досовқа 16.11.2022 жылы №01/03-26/1060 санды хат жолданды.
|
2023 жыл |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас ауданық бөлімшесі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
2. |
Тастұмсық ауылының тұрғыны А.Максутбекованың үйінің жанындағы Арыс өзені бойында алынып тасталған шлюзды қайта қалпына келтіру мәселесі |
Тастұмсық ауылының тұрғыны А.Максутбекованың үйінің жанынан өтетін Жоғарғы магистральды каналына 2020 жылы темір бетонмен қаптау жұмыстары басталып, жер жұмыстары атқарылған болатын. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық сметалық құжаттамаларға өзгерістер енгізілу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық сметалық құжаттар дайын болуына қарай құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Жоба бойынша бас су құрылымы (шлюз) орнатылатын болады. |
2023-2024 жылдары |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
«КазСуШар» РМК Түлкібас аудандық бөлімшесі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
3. |
Тастұмсық ауылы Е.Дүйсенбаев көшесіне науа (лоток) орнату туралы |
Тастұмсық ауылы Е.Дүйсенбаев көшесіне науа (лоток) орнату жұмыстарына 15 387, мың теңгеге сметалық құжат әзірленіп, "Берик СтройGroup" ЖШС-і 11 386 мың теңгеге жеңіпаз болып анықталды. Жалпы құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
31.12.2022 жыл |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
4. |
Амангелді ауылы Абай көшесіндегі Жоғарғы каналды жөндеу және тазалау мәселесі |
Жоғарғы магистральды каналына 2020 жылы темір бетон мен қаптау жұмыстары басталып, жер жұмыстары атқарылған болатын. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық сметалық құжаттамаларға өзгерістер енгізілу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық сметалық құжаттар дайын болуына қарай құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. |
2023-2024 жылдары |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
«КазСуШар» РМК Түлкібас аудандық бөлімшесі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
5. |
Жыланды ауылындағы каналдарға шлюз орнату мәселесі |
Жыланды ауылына қарасты су нысандарына су реттегіштерді онату жұмыстары «Казсушар» РМК Түлкібас өндірістік бөлімшесі тарапынан 2023-2024 жылдар аралығында атқарылатын жұмыс жоспарына енгізіліп, атқарылатын болады. |
2023-2024 жылдары |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
«КазСуШар» Түлкібас аудандық бөлімшесі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
6. |
Округтің орталық көшенің бойынан ауыр жүк көліктерін жүргізбеу мәселесі |
Округтің орталық көшесі Республикалық маңызы бар А-2 автомобиль жол болып табылады. ауыр жүк көліктерін жүргізбеу мәселесі бойынша тұрақты түрде рейдтік іс шаралар жүргізілуде.
|
2023 жыл |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Аудандық полиция бөлімі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
7. |
М.Лермонтов атындағы бастауыш мектебі жанындағы трансформаторды қоршау |
М.Лермонтов атындағы бастауыш мектебі жанындағы трансформатордың ауласын қоршау бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 14 қараша күні толығымен аяқталды. |
20.11.2022 жыл |
Адами әлеуетті дамыту бөлімі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|
|
8. |
Тастұмсық ауылындағы қатты тұрмыстық заттарды тастайтын полигонды жабу мәселесі |
Тастұмсық ауылдық округі, Тастұмсық ауылында орналасқан күл-қоқыс тастайтын орнының аумағы 0,33 га жерді құрайтын күл-қоқыс тастайтын орнын тегістеп рекультивация жасап, жабу бойынша Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі тарапынан 9 млн. 664 мың теңгеге сметалық құжаттар әзірленген. 2023 жылы қаржы қарастыруға 20.10.2022 жылы бюджеттік комиссияға өтінім берілген. Қаржы қаралған жағдайда 2023-2024 жылдары жабу жоспарлануда. |
2023-2024 жылдары |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Тастұмсық ауылдық округ әкімдігі |
|