Аудан әкімінің Мичурин ауылдық округі тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Ескерту / орындау

3 тоқсан

1.     

Таусағыз ауылына кіреберістегі тас төселген жолды асфальттау мәселесі

      Таусағыз ауылына кіреберістегі тас төселген жолды асфальттау үшін жалпы құны 12,9 млн. теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, 2023 жылғы бюджеттік нақтылауға ұсынылды. Жөндеу жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

2.     

Майтөбе ауылында ауыз судың қысымы төмен, ауыз су жетіспеу мәселесі

       Майтөбе ауылында ауыз судың қысымы төмен, ауыз су жетіспеу себебі Абай көшесі бойында орналасқан ұңғыманың насосы істен шығуына байланысты ауыз су жетіспеушілігі туындаған. Қазіргі уақытта насос ауыстырылып, қосымша тереңдігі 90 метрлік ұңғыма іске қосылды. Ауыз судың қысымы қалпына келтірілді.

20.11.2022 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

3.     

Майтөбе ауылы Б.Момышұлы көшесіндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру туралы

      Майтөбе ауылы Б.Момышұлы көшесіндегі тозығы жеткен электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвест жобасына сәйкес жылдың соңына дейін ауыстыру жоспарлануда.

31.12.2022 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түлкібас ауданық бөлімшесі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

4.     

Округте байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру мәселесі

Түлкібас ауданына қарасты 62 ауылдық елді мекен (бұдан әрі-АЕМ) бар. Мұның 28 АЕМ (45,1%) 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 23 АЕМ-де (36,5%) 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, қалған 11 АЕМ – де (17,7%)  ұялы байланыс мүлдем жоқ.

Сонымен қатар, 2022 жылдың жоспарына Кселл, Билайн ұялы байланыс операторлары Түлкібас ауданы бойынша халық саны     250-ден жоғары елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернет желісімен  қамту жобасы аясында 7 елді мекенге (Машат, Түлкібас, Шүкірбұлақ, Т.Рысқұлов, Шақбақ баба, Қабанбай, Көксағыз) жаңа базалық станция орнатылып, 3G және 4G стандартымен қамтылатын болады.

Мичурин ауылдық округіне қарасты Көксағыз ауылына - «Кселл» АҚ тарапынан базалық станция орнатылып, жылдың соңына дейін ұялы байланысты қосуға жұмыс жүргізілетін болады.

Қосымша Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына интернет жылдамдығын арттыру бойынша ұсыныс хат жолданатын болады.

2023-2024 жылдары

Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

5.     

Майтөбе ауылына терминал және банкомат орнату мәселесі

        Мичурин ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылында, Астана көшесі №47 мекен-жайға банкомат пен терминал орнату бойынша Мичурин ауылдық округі әкімі М.Омарбековтың атынан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры А.Таскалинге 16.11.2022 жылы №739 және «Kaspi Bank» АҚ-на 16.11.2022 жылы №740 хаттары жолданды.

2023-2024 жылдары

Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

6.     

Майтөбе ауылындағы Алтай көшесін асфальттау

         Майтөбе ауылындағы Алтай көшесін асфальттау үшін 25 049,21 мың теңгеге сметалық құжат әзірленіп, 2023 жылдың «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асыру бойынша тиісті ұсыныс берілді.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

7.     

Майтөбе ауылындағы кіші өзен арналары мен арық-атыздарды тазалау мәселесі

       Мичурин ауылдық округ әкімдігі,  «Казсушар» РМК Түлкібас өндірістік бөлімшесімен  бірлесе  2023 жылдың көктем айларында Майтөбе ауылында арық-атыздарды  тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.

2023 жыл

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

 

«КазСуШар» РМК Түлкібас өндірістік бөлімшесі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

8.     

Майтөбе ауылы Ырыс көшесін асфальттау

        Майтөбе ауылы Ырыс көшесін асфальттау үшін                12 457,81 мың теңгеге сметалық құжат әзірленіп, 2023 жылдың «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асыру бойынша тиісті ұсыныс берілді.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Мичурин ауылдық округ әкімдігі

 

Дата публикации
18 ноября 2022