Аудан әкімінің Балықты ауылдық округі тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Ескерту/

орындау

3 тоқсан

1.     

Балықты ауылындағы Болашақ  көшесінің ауыз су құбырларын қосу туралы

          Балықты ауылындағы Болашақ  көшесінің ауыз суын құбырлары толығымен тартылған. Қазіргі уақытта электр энергиясын қосу үшін техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде. 20.11.2022 жылға дейін толық қосу жоспарлануда.

31.12.2022 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Балықты ауылдық округ әкімдігі

 

2.     

Абай ауылындағы Абай көшесін жөндеу мәселесі

         Абай ауылындағы Абай көшесін орташа жөндеу үшін сметалық құжат әзірленуде. 2023 жылы мәслихаттың кезекті бюджетті нақтылау отырысына қаржы бөлу бойынша өтінім берілетін болады.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Балықты ауылдық округ әкімдігі

 

3.     

Абай ауылындағы Амангелді көшесіне жаңадан асфальт төсеу мәселесі

          Абай ауылындағы Амангелді көшесіне орташа жөндеу мақсатында 37597,55 мың теңгеге сметалық құжат әзірленді. Мәслихаттың кезекті бюджетті нақтылау отырысына қаржы бөлу бойынша өтінім берілді. Қаржы қаралған жағдайда 2023-2024 жылдары асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

 

2023-2024 жылдар

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Балықты ауылдық округ әкімдігі

 

Дата публикации
18 ноября 2022